Дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы Аэлита Щербакова қайтыс болды

12 сәуір, 14:19

11 сәуірде дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аэлита Щербакова өмірден өтті. Бұл туралы ҚР ҰОК сайты хабарлады.

Аэлита Щербакова 1995 жылы 5 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстанның екі дүркін чемпионы, 2017 жылы Ташкентте өткен әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанған, ал былтыр Ақтауда Азия кубогының күміс жүлдесін иеленді.

Дзюдошы небәрі 24 жаста болатын. Неден қайтыс болғаны туралы ақпарат жоқ.