Дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатында Мөлдір Нарынова алтын алды

30 шілде, 19:00

Қазақстандық дзюдошы Мөлдір Нарынова жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Нарынова 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ширек финалда ол моңғолиялық спортшы Оюнтулхур Бумбугурды ал жартылай финалда Мария Суанды "иппон" ұпайымен жеңді.

Ақтық жекпе-жекте Нарынова Ираннан келген Мариам Барбатидан басым түсті.

Естеріңізге сала кетейік, АЧ Тайбэде өтуде. Турнирге 21 елден 170 дзюдошы қатысуда.