"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Telegram-бот @EgovKzBot арқылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тағы үш қызметінің іске қосылғанын хабарлайды.
Енді боттың көмегімен азаматтар:
* Наркологиялық диспансерден;
* Психоневрологиялық диспансерден;
* Туберкулезге қарсы диспансерден анықтамаларды тегін ала алады.
Жоғарыда аталған анықтамаларды онлайн режимінде алу тетігі өте қарапайым және азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді (мысалы, жүргізуші куәлігін ауыстырған кездегідей). Қызметті алу үшін "мобильді азаматтар базасына" тіркелу қажет, яғни, eGov.kz порталының жеке кабинетінде өз телефон нөмірін тіркеу қажет және өзінің гаджеті арқылы Telegram мессенджерінде ботты іске қосуды жүзеге асыруы шарт (іздеу жолына @EgovKzBot енгізу). Одан әрі алдын ала анықталған командаларды жіберу және SMS-код арқылы растау көмегімен және оларды пайдаланушының электрондық поштасына жіберу мүмкіндігімен сервистердің анықтамалары мен ақпаратын алуға болады.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Telegram-бот арқылы қолжетімді қызметтер мен сервистер саны 20-ға жетті.