Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов үйқамаққа алынды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 28 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қызылордадағы мамандандырылған тергеу сотына обылс әкіміне қатысты бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде өтініш түсірген. Ол аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдікке ілінді (Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы).
"Қарау нәтижесі бойынша күдікті Қуанышбек Досмайлұлы Ысқақовқа қатысты үйқамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш қанағаттандырылды. Бұлтартпау шарасының әрекет ету мерзімі 2020 жылдың 26 наурызынан бастап 2020 жылдың 26 мамырына дейін екі айды құрайды", - деп хабарлады Қызылорда облыстық соты.