Нұрлан Сауранбаев енді ҚР Президент Әкімшілігінде еңбек ететін болды. Ол мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімін басқарады.
Нұрлан Сауранбаев 2017 жылдың 7 қарашасында Шымкент әкімі қызметіне тағайындалып, қала басшысы қызметін 2018 жылдың 20 маусымына дейін атқарды. Алайда оның әкімдік мансабы аяқталған соң қандай қызметке баратыны белгісіз болды. Жарты жылдық үзілістен соң ол мемлекеттік қызметке қайта оралды.