Түркістан облысы әкімінің өкімімен Ұласбек Сәдібеков Сайрам ауданының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Ұласбек Сәдібекұлы Сәдібеков 1967 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылық институтын, «Қайнар» университетін бітірген. Білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-электрик, халықаралық экономист.
Еңбек жолын 1983 жылы Алғабас аудандық мал бордақылау бірлестігінің жұмысшысы болып бастаған.
1992-2015 жылдары Алғабас ауданы әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің маманы, бас маманы, жастар ісі, саяхат және спорт басқармасының бастығы, Шымкент қаласы «Жетіген» ЖШС директоры, ОҚО Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени кешені бөлімінің меңгерушісі, ОҚО жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы, ОҚО ішкі саясат департаментінің директоры, ОҚО Бәйдібек, Сарыағаш аудандарының әкімі, «Нұр Отан» ХДП-ның ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2012-2016 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған. 2016 жылдан 2018 жылдың қарашасына дейін ОҚО әкімінің орынбасары болды.
Бұған дейін Сайрам ауданын басқарып келген Бақтияр Мамаевтың қандай қызметке баратыны әзірге белгісіз.