Елордадағы «Нұр әлем» павильонында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтуде, деп хабарлайды Elitar.kz.
Шараның салтанатты ашылу рәсімі басталмас бұрын «Жас қазақстандықтардың жобалары» көрмесі көрсетілді.
Жастар жылының ашылуына жас ғалымдар мен әскери қызметкерлер, актерлер мен орындаушылар, "Қазақстандағы 100 жаңа есім" байқауының қатысушылары, "Болашақ" түлектері, спортшылар және тағы да басқа жас ұрпақ қатысты. Атап айтқанда, олардың қатарында ерекше талантымен әлемді таң қалдырған Димаш Құдайберген, актриса Құралай Анарбекова, шахматшы Жансая Әбдумәлік, бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы бар.
Өз сөзінде бүркітші қыз Қазақстанда бүркітшілер мектебі ашылса деген арманын айтты. Мұнан соң Мемлекет басшысын Байөлкеге қонақ болуға шақырды.
Ақпарат ретінде айта кетейік, өткен жылы Мемлекет басшысы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Мақсат – жастарды кешенді қолдау.
ФОТО: Tengrinews.kz