Электрикпін деп алдап, үйді тонап кеткен

17 шілде, 17:16

Түлкібаста болған бұл оқиға туралы ТО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Жасы 30-35 жас аралығындағы белгісіз азамат өзін электрикпін деп таныстырып, үйге кірген. Үй ішінде жалғыз жәбірленуші ғана екеніне көзі жеткен соң, ол үй иесіне жұдырықпен соққы беріп, қорқыту арқылы бағалы заттар және ақша талап етіп, артынша жатын бөлмеге бірге кіріп 32 000 теңге ақша мен бірнеше алтын бұйымдарын ашық түрде тонау арқылы өзімен бірге алып кеткені анықталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде Сайрам ауданының тұрғыны анықталды. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Түлкібас АПБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.