ELITAR порталы жаңа жоба ұсынады (ВИДЕО)

29 қаңтар, 17:00

SAIASAT.NOT деп аталатын жоба арқылы сіздер түрлі саланы тізгіндеген тұлғалардың, өз ойын бүкпесіз жеткізе алатын белсенділердің ашық әрі шынайы сұхбатын көре аласыздар.

Назарларыңызға бағдарламаның алғашқы қонағы - Шымкент қалалық мәслихатының депутат, Шымкент зообағының директоры Нұрғазы Бұхарбаевпен болған сырлы сұхбатты ұсынамыз.

Сонымен, депутатқа осыдан бес жыл бұрын кім қоқан-лоққы көрсетті? Он жасар қызына кім тапанша тақап, үркітіп кетті? Депутат не үшін жылап қалды? Нұрғазы Бұхарбаевқа ақша маңызды ма?

Бұл сұрақтарға жауап алу үшін Youtube каналдағы сұхбаттың толық нұсқасын көруге кеңес береміз.


SAIASAT.NOT-тың келесі қонағы кім болғанын қалайсыз? Пікірлеріңізді біздің Facebook пен INSTAGRAM парақшаларымызға жазуыңызға болады.