Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева екі айға қамауға алынды. Оның ісі қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды Elitar.kz.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен білім және ғылым вице-министріне қатысты лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану, пара алу, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бір эпизод бойынша қылмыстық іс 2016-2018 жылдары жасалған. Сот санкциясымен білім және ғылым вице-министріне күзетпен ұстау шарасы қабылданды. Тергеу жалғасуда. ", - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова баспасөз мәслихатында.