Этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай АҚШ-тың ерлік үшін сыйлығының лауреаты атанды

04 наурыз, 18:30

Қазақстанда босқын мәртебесін ала алмай, ақыры Швецияға ұоныс аударған Қытайдан келген этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай International Women of Courage Award сыйлығының лауреаты болды. Бұл тізімде Сайрагүлден бөлек тағы 11 әйел азаматы бар. Лауреаттардың тізімін АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайты жариялады.

Ондағы хабарламаға сәйкес, Women of Courage Award (IWOC) халықаралық сыйлығын АҚШ Мемлекеттік департаменті көшбасшылық, батылдық және тапқырлық танытқан әйелдерге табыстайды. Биыл аталған сыйлықты лауреаттарға АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп табыстайтын болады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайты жариялаған мәліметте Сайрагүл Сауытбай 2017 жылдың қараша айынан бастап 2018 жылдың наурыз айына дейін ҚКП мәжбүрлеуімен қамаудағыларға арналған лагерьде этникалық азшылық өкілдеріне қытай тілін үйреткені жазылған. Сондай-ақ ол 2018 жылдың наурыз айында Сайрагүлдің Қазақстанға қашып кеткені, кейіннен ол ҚКП-ның мұсылмандарға қарсы репрессиялық науқаны туралы мәлімдеме жасаған әлемдегі алғашқы құрбандардың бірі болғаны туралы айтылады.