Шымкентте этноауыл ашылады

24 ақпан, 12:22

​"Шымкент 2020 - ТМД елдерінің мәдени астанасы" жылы аясында туристерді тарту үшін орталық ипподром аумағында "Шымкент-ізгілік қала" этноауылын салу жоспарланып отыр.

Этноауыл наурыз айынан қазан айына дейін келушілерді қабылдайды. Ал әрбір демалыс күндері оның аумағында халық шығармашылығын насихаттау үшін түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Туристерді тартудың тағы бір орны құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Шымкент қаласының цитаделі болады. Сондай-ақ, Шымкент қаласының 2200 жылдығын кең көлемде атап өту жоспарланып отыр. Оның аясында ашық аспан астындағы мұражайдың ашылу салтанаты өтеді.
Сонымен қатар, жыл бойы Шымкентке гастрольмен еліміздің 11 облысынан республикалық театрлар мен филармониялардың 31 ұжымы келеді. Ал қараша айында "Шымкент - ТМД елдерінің мәдени астанасы" бағдарламасының жабылу салтанатында "Дебют достастығы" халықаралық сыйлығы табыс етіледі және достастықтың келесі мәдени астанасы - Душанбе қаласына (Тәжікстан) эстафета беріледі.