Оңтүстік Кореядағы қазақстандар эвакуацияланады ма?

27 ақпан, 14:29

​​Сыртқы істер министрлігі бүгінгі таңда 35 мыңнан астам Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Корея территориясында жүргенін мәлімдеді. Алайда оларды елге эвакуациялау туралы айту әлі ерте.

"Бүгінгі таңда Оңтүстік Кореяда 35 мыңнан астам қазақстандық бар. Оның 12 мыңнан астамы аталған елде заңсыз жүр. Біздің елшіліктің консулдық тіркеуінде тек 848 адам бар. Демек ойланбай қадам жасап, заңсыз жүргендер кесірін өздері көретін болса. Егер төтенше жағдай орын ала қалса, оларды қайдан іздеп табамыз? Себебі бізде дерек жоқ",-деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Министрлік Оңтүстік Кореяда заңды немесе заңсыз жүрген қазақстандықтарға консулдық бөлімге келіп өздері туралы хабарлауын сұрайды.

"Вирусты жұқтырғандар мен көз жұмғандар саны артып келеді. Сондықтан аса сақ болу қажет. Оңтүстік Корея шекарасының жабылуы туралы айту әлі ерте. Бақылауда болады",-деп атап өтті ол.

Ақпарат ретінде айтар болсақ, соңғы дерек бойынша Оңтүстік Кореяда коронавирусты 334 адам жұқтырған. 1595 адам аталған вирустан ажал құшқан.