Сайлау-2019: Exit poll нәтижесі шықты

10 маусым, 00:28

Қасым-Жомарт Тоқаев анонимді сауалнаманың мәліметтері бойынша сайлаушылардың 70,13% қолдауына ие болды, деп хабарлайды "Қоғамдық пікір" институтына сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Exit poll мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауыс жинаған. Бұл туралы "Қоғамдық пікір" институтының кеңес төрайымы Айнұр Мәжитова брифингте хабарлады.

Exit poll нәтижесі бойынша:

Жамбыл Ахметбеков - 3,86

Дания Еспаева - 5,32

Әміржан Қосанов - 15,39

Төлеутай Рахымбеков - 3,03

Амангелді Таспихов - 1,41

Касым-Жомарт Тоқаев - 70,13

Сәдібек Түгел - 0,86 пайыс дауыс жинаған.


Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2019 жылғы 9 маусымда тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 77,4 % - ы сайлау бюллетеньдерін алды.

Exit Poll-ды кім өткізеді?

2019 жылы Қазақстанда президенттікке кандидаттар туралы әлеуметтік сауалнама жүргізу құқығын екі ұйым алды - ""Қоғамдық пікір" институты" қоғамдық бірлестігі ("институт "Общественное мнение") және ""Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" ЖШС.

Қазақстан Президентін сайлау қорытындысы.
Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру аяқталған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірмей сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санай бастайды. Сайлаудың алдын ала қорытындысы 2019 жыл, 10-11 маусымда шығады.