Ақмола облыстық соты алтын өңдеу фабрикасының директорына үкім шығарды.
Қыста 33 жасар ер адам өзінің 37 жасар қарамағындағы қызметкеріне оны бір нысаннан екінші нысанаға жеткізіп салуды ұсынған, деп хабарлайды "КТК".
Алайда,
екі сағаттан кейін ол келіншекті жартылай ессіз күйде басқа қызметкерге
әкелді. Әйел бес күн бойы комада жатып,
содан кейін қайтыс болған.
Өлім себебі
жабық бас сүйек-ми жарақаты болған.
Тергеуде лаборант бастығының ұсынысынан
бас тартқадықтан, фабрика директорынан
соққы алғаны белгілі болды. Әйел
асфальтқа құлап, бас жарақатын алды.
Енді кәсіпорынның бұрынғы басшысы Дидар
Өтегенов сегіз жылға бас бостандығынан
айырылды. Сондай-ақ, ол қайтыс болған
отбасына 9 млн теңге төлеуге
міндеттеді.
Лаборант әйел 12 жасар
қызын жалғыз тәрбиелеп отырған.