Кәсіпкерлер Палатасы дабыл қағуда: фермерлерді күттіру оларды шығынға ұшыратып, ет бағасының шарықтауына алып келеді.
Шымкентте фермерлер фермерлерді субсидиялау ережелеріне түзетулер енгізуді күтуде. 2019 жылдың наурыз айында "асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің №108 бұйрығы шықты. Алайда, осы Ережелерге кейбір өзгерістер енгізу қажеттігіне байланысты шаруа қожалықтары субсидия ала алмай қалудан қауіптеніп, ірі қара малын союды тоқтатып отыр.
"Шымкент
қаласында әрқайсысында мыңнан астам
ірі қара мал басы бар 4 ірі шаруашылық
бар. Бұл субсидия алуға үміткер бордақылау
алаңдары. Бұл бордақылау алаңдары малды
союға дайын малды күтіп - бағу бойынша
күнделікті шығындарға қарамастан
Ережелердің шығуын күтуге мәжбүр",
- деп атап өтті Шымкент қаласы Кәсіпкерлер
Палатасы директорының орынбасары Данияр
Дәрмен.
Оның айтуынша, фермерлер
екі айдан артық уақыт түзетулерді күтіп тұр.
Бірақ мал шаруашылығын субсидиялау
бойынша нақты "ойын ережелері" әлі
белгісіз, фермерлер тек күтуде.
Осы
себепті, Аймақтық Кәсіпкерлер Палатасы Шымкентте мал сою
кемігендіктен ет бағасының
қымбаттауы байқалады дейді. Егер бұрынбір келі сиыр еті 1.500 теңге болса, енді -2.200 -2.300
теңге.
Данияр Дарменнің айтуынша,
мәселе ауыл шаруашылығы министрлігіне
жедел түрде жолданған. Фермерлер
мен Кәсіпкерлер Палатасы жауап күтуде.