​«ASHYQ ASPAN» фестивалі Шымкентте тағы өтеді

12 наурыз, 16:02

Жақын күндері әлеуметтік желі түрлі түсті әуе шарларының фотосуретін толады. Үшінші мегаполисте Наурыз мерекесін тойлау аясында «ASHYQ ASPAN» екінші халықаралық әуе шарларының фестивалі өтпек. Қаланың көптеген тұрғындары бұл мерекені тағатсыздана күтуде. Оның себебі де бар. Алғашқы фестиваль қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шықты.

Екі күндік фестивальдің бағдарламасында Қазақстан, Украина, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Иран, Қытай, БАӘ және басқа да түрлі елдерден келген 20 монгольфьер еркін және көркем ұшырылады.
Фестивальге келгендерге тек көптеген ірі әуе шарларын тамашалап қана қоймай, түрлі флешмоб, ұтыс ойындарына қатысып, ең бастысы, ашық аспан астында қыдырыстай алады. Бұған қоса әртістер өнер көрсетіп, түрлі тақырыптағы шеберлік сабақтары болады, тәжірибелі пилоттар әуе-бағыттау бойынша шеберліктерін көрсетеді.
Фестиваль өтетін аумақ музыка, би, ойын және демалыс секілді аймақтарға бөлінеді. Ал қорытындысында «Түнгі жарық шеруі» тақырыбымен әуе шарлары қараңғы уақытта аспанға ұшырылып, өнерпаздар ұсынған мерекелік концертке ұласады.
Фестиваль 23-24 наурыз күндері Бәйдібек би алаңында, Шымкенттің орталық атшабарында өтеді.