Нұр-Сұлтандағы дүкендердің бірінде порнографиялық фильмдер сатылып келген

27 қыркүйек, 16:00

​Елордалық полицейлер қала дүкендерінің бірінен порнографиялық материалдарды тарату жайтын анықтады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған факті бойынша елорданың 29 жастағы тұрғыны ұсталды, ол тауарлар сататын бутиктердің бірінде порнографиялық сипаттағы белгілері бар материалдарды өткізген.

Тінту жүргізу іс-шаралары кезінде тыйым салынған материалдардан басқа 300 бірліктен астам контрафактілік аудио-бейнеөнім, 50-ден астам лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз етулер мен компьютерлік ойындар алынды.
"Ұсталған азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша (порнографиялық материалдарды заңсыз тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Сонымен қатар «Контрафакті» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында ақпараттық технологияларды қолдана отырып 24 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, 8 интернет-алаяқ және 1 карточкалық шоттан ақша жымқырушы ұсталды" делінген ведомство мәліметінде.