​Денис Теннің қоры жанкүйерлерден спортшының видеокадрларын сұрайды

29 наурыз, 13:00

Денис Теннің қоры кадрлар жинауға көмектесуге шақырады. Еске салайық, Тимур Бекмамбетов опат болған спортшы туралы фильм түсірмек, картинаға мұрағаттағы түсірілімдер қажет болып тұр.

«Құрметті достар! Денис Теннің сценариі бойынша «Соқыр махаббат» фильмінің түсірілімі басталды. Денистің идеясын сәтті жүзеге асыру үшін бізге Сіздердің көмектеріңіз қажет», - делінген хабарламада.
Кәсіпқой техникаға немесе ұялы телефонның камерасына түсірілген кадрлар фильм желісінде қолданылады.
«Бізге Денис теннің шоуынан видео қажет. Денистің шоу барысында сырғанауы немесе дайындық кезінен болсын, трибунадан, мұз үстінде түсірілген кез келген әуесқой фото және видеоларды сұраймыз. Кадрларды info@denistenfoundation.org эл.поштасына жіберу керек», - деп жазады қор қызметкерлері.
Айта кетейік, өз өлімінен сәл бұрын Денис Тен әйгілі режиссердің скастингінде болып, фильмге жазылған өз сценариін ұсынған еді.