Қала әкімі Ғабидолла Әбдрахимов Арбатта болған жағдайға қатысты өз пікірін білдірді.
Естеріңізге
сала кетейік, полицейлер музыкантарға
кедергі келтіріп, Арбаттан кетуін талап
еткені туралы жазған болатынбыз.
"Әлеуметтік
желілерден қалалық
Арбаттан полицейлер көше музыканттарын
қуғанын оқып шықты. Мұндай
артық әрекетке неге барғандарын
білмеймін. Музыканттарға бұдан
былай кедергі келтірмеуді тапсырдым.
Өйткені, бұл көптеген елдерде
бар тамаша дәстүр, олар өз өнерлерімен
қала тұрғындарының мәдениетін арттырады.
Сондықтан, құрметті музыканттар, Арбатқа
келіп халыққа өз өнерлеріңізді
тарту ете аласыздар", - деп жазды
әкім.
Алайда, көше
музыканттары Арбатта қайта
орала ма, белгісіз.