Шымкенттің әкімі қала 3 жылдан кейін дотациялық аймақтан донор-аймаққа айналатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Elitar.kz.
Жиында үшінші мегаполистегі салық мәселесі көтерілді. Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің айтуынша, 2018 жылы жоспарланған 73 млрд теңгенің орнына жиналған салық түсімі артқан. Жергілікті бюджетке 78 млрд теңге жиналып, өсім 114 пайызды құрады.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі мемлекеттік бюджетке салық пен басқа да міндетті төлемдердің дер кезінде түсуі мемлекеттің экономикалық дамуын, қауіпсіздік пен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруын қамтамасыз ететінін жеткізді.