​Галбадрах тағы да финалда жеңіліп, екінші орынды місе тұтты

22 сәуір, 15:00

Шымкент қаласының намысын қорғайтын қазақстандық дзюдошы Отгонцецег Галбадрах БАӘ-де Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Континенттік турнирдің финалында 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Қытайлық спортшыдан жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Арабияның Фуджейра қаласында дзюдодан Азия чемпионаты өтуді. Біріншілікте Қазақстан атынан 18 спортшы қатысты. Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша біздің отандастарымыз 1 алтын, 2 күміс және 2 қола жеңіп алды. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ерлан Серікжанов Азия чемпионы атанды. Осы салмақта Елдос Жұмақанов күміс жүлде иеленді. Үшінші сатыға Шымкенттен келген Гусман Қырғызбаев пен Севара Нишанбаева көтерілді. Азия чемпионаты 23 сәуірге дейін жалғасады.