Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен министрліктің кадрлар және әскери білім департаментінің бастығын әшкереледі. Ол қызмет саласы мен борышы бойынша жоғары лауазымды шенеунік кәсіби даярланған әскери кадрларды іріктеу мен орналастыруда, жалпы қамқорлығы мен қызмет бабында алға жылжуы үшін қол астындағылардан айтарлықтай мөлшерде жүйелі негізде пара алуға күдіктеніп отыр.