Павлодарда ұлттық компанияның бас директоры сотталды

18 желтоқсан, 10:48

Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Павлодар "ӘКК "ҰК" АҚ әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директоры Б.Қ.Дүйсембаевқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен тергеуді аяқтады.

Ол алдын ала келісіммен 1 млн теңге көлеміндегі параның 500 мың теңгесін алу бойынша күдікке ілінген. Бас директор бұл соманы әлі аяқталмаған әлеуметтік нысанды бағалау бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасқаны үшін кәсіпкерлерден алған.
Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен Дүйсембаев пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және де оған мемлекеттік қызметте өмір бойына қызмет атқаруға тыйым салынды.