Геннадий Головкиннің Twitter-дегі аккаунты бұғатталды

13 маусым, 13:00

Twitter қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің аккаунтын бұғаттады. Бұғаттау себебі - сервисті пайдалану ережелерін бұзу, деп хабарлайды Elitar.kz.

Қазақстандық боксшы өз парақшасына кіруге әрекет жасаған кезде "есептік жазбаның қолданылуы тоқтатылды" деген хабарлама шыққан.

Себеп ретінде сервисті пайдалану ережелерін бұзу көрсетілген.

Боксшының аккаунты қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

Головкиннің аккаунтын хакерлер бұзуы мүмкін деген де болжам бар. Спортшының командасы бұл жайтқа әзірге түсінік берген жоқ.