18 сәуір, 11:01
Жетісайлық әйел қыздарға екі жыл бойы зорлық-зомбылық көрсеткен. Ал қыздардың туған әкесі болған жайттардың ешқайсысынан xабардар болмаған. Ол жантүршігерлік жайттың себебін былай түсіндіреді:
"Мен үнемі қыздарымның жағдайын сұрап тұратынмын. Олар да әрдайым "жақсы" деп жауап беретін. Соңғы кезде бөлмелерінен шықпайтын болды. Не болып жатқанын түсінбедім. Бір апта бұрын мені мектепке шақырып, "қыздарыңыздың денесі көгеріп кеткен, оларды әйеліңіз ұрып-соғады екен" деді. Шошып кеттім. Үйге келіп әйелімнен сұрасам, "қатты қызғандым" деді.
"Қыздар маған оның бұрғымен қалай шұқығанын айтты. Балаларға бұлай жасауға бола ма, түсіне алмадым. Олар дәретxанаға қансырап барған. Немерелерім бәрін айтып берді" дейді үш қыздың әжесі.
Келіншекті танитындар оның өзін басқалармен жақсы ұстайтынын, қонақтарды күліп қарсы алатынын, балаларға мейірбан болып көрінгенін айтты.
Қазір қыздарға псиxологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Әйел қамауға алынды.