Қазақстаннан Ресейге бара жатқан автобус пен Саратов облысындағы тауар пойызының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды vesti.ru-ге сілтеме жасап Elitar.kz.
Бұған дейін хабарланғандай, пойыз бен автобус соқтығысып, Қазақстанның 4 азаматы қаза тапты деген ақпарат тараған болатын. Кейін белгілі болғандай, жеті жолаушысы бар автобустағы бес адам көз жұмған және олардың барлығы – Өзбекстан азаматтары. 61 жасар жүргізуші мен оның әріптесі (екеуі де Қазақстан азаматтары) ауруханаға жатқызылды. Екеуінің де жағдайы ауыр.
Көлік қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясындағылар көлік оқиғасына темір жол өткелінің жол жүру ережесін бұзған автобус жүргізушісін кінәлі деп болжап отыр. Оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы берілуі мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.
ФОТО: ТВЦ