Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы қала тұрғындарын бірлесе жұмыс жасауға шақырды

31 шілде, 16:51

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы етіп Жұмағали Асхат Жұмағалиұлын тағайындады.

Қоғаммен тығыз байланыс орнату үшін Асхат Жұмағали facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашып, «Департаменттің алдағы қызметін ашықтық, қол жетімділік және айқындылық қағидаттарында құруды жоспарлаудамыз.

Бүгінде әлеуметтік желінің мемлекет пен қоғамның өзара байланысының тиімді құралы ретінде өсіп келе жатқан рөлін көріп отырмыз. Осыған байланысты мен өзімнің Facebook-те парақшамды аштым және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатамын деп үміттенемін» - деп атап өтті.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы барлық тұрғындарды тиімді өзара байланыс жасауға шақыра отырып:
«Жұмысымызда қоғам санасын өзгертуге құштар азаматтардың көмегі әрқашанда қажет. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында біз кез-келген жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділік ахуалын құра аламыз. Парасаттылық, әділдік және адалдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болуы керек» - деп атап өтті Асхат Жұмағалиұлы.