Британдық The Sun таблоиді қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Ролстың жекпе-жек өткізу уақытын атады.
Кездесу 8 маусымда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді, деп хабарлайды vesti.kz. Кездесу Британ уақыты бойынша таңғы сағат 4-те немесе Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 9-да басталады.
Андеркартта
қазақстандық орта салмақтағы Әли Ахмедов
өнер көрсетеді. Головкин үшін бұл жаңа
бапкер Джонатан Бэнкстің басшылығымен
алғашқы жекпе-жек және
dazn стримингтік сервисімен
келісім-шарт бойынша өтетін
алты жекпе-жектің бірі болмақ.
Головкин
профи-рингте 40 жекпе-жек өткізіп, 38 рет
жеңіске жетіп, бір жеңіліске ұшырады
және бір жекпе-жекті тең аяқтады. 25 жасар
Роллс 19 жекпе-жегін өткізіп, олардың
барлығында жеңіске жетті.