Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин шетелдік журналистермен Лос-Анджелестегі өмірі жайлы бірқатар мәліметтерімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
«Маған Лос-Анджелес ұнайды. Мен әрқашан әйелім, балаларым, бүкіл отбасы үшін осында көшуді армандадым. Мен өз болашағым мен өз балаларым үшін осында өмір сүргім келеді. Бұл ғажайып мекен. Менің ұлым Лос-Анджелестегі бүкіл спортты жақсы көреді. Рас, барлық балалар тек қана "Лейкерс" мен ЛеБрон Джеймс туралы айтады, бокс туралы емес», — деді Головкин.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий жұбайы Алинамен бірге тоғыз жасар ұлы Вадим мен есімі әлі белгісіз бір жасар қыз тәрбиелеп отыр. Вадим жергілікті жасөспірімдер хоккей командасында ойнайды, сондай-ақ кейде әкесімен ҰХЛ матчтарына қатысады.