ELITAR.KZ-тен кеңес: SMS төлеммен жұмыс жасайтын қалалық көлік тұрағы туралы не білеміз?

01 сәуір, 16:30

ELITAR.KZ тілшісі Алиса Бойкоға ӘКК мамандары ақылы автотұрақты қалай пайдалану керектігін айтып, тіпті ноу-хаудың мекен-жайларын да айтып берді. "Шымкент ӘКК" 1 сәуір күні "Шымкент көлік тұрағы" кәсіпорнымен бірге көлік тұрағына арналған орындарды заңдастырды. Енді автокөлік жүргізушісі SMS жіберу арқылы төлем жасай алады.

SMS төлем нөмірі ұялы операторлардан сатып алынды, ол бірыңғай - 220 нөмірі. Әрбір тұрақ орны бейнебақылау астында және кез келген автомобильдің мемлекеттік нөмірін оңай көруге болады.

"ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабына сәйкес көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзу, көлік тұрағы үшін төлеуден жалтару үш АЕК, яғни, 7215 теңге көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Егер тәртіп бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, автоәуесқойға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады",-деді Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Сымбат Шоқытаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.


Әрбір көлік тұрағында жүргізушілерге кеңес беру үшін дайын операторлар кезекшілік етеді. Орынды төлеу туралы растау SMS түрінде де келеді.
Шымкент қалалық ӘКК баспасөз хатшысы Сайра Амантаева да заңды тұрақты қалай анықтауға болатынын айтты.
"Бұл ӘКК тұрағы екенін қалай анықтауға болады? Әр тұрақта ақпараттық стенд немесе триборд орнатылған, барлық тұрақтар арнайы бөлінген, онда инспекторлар жүретін болады. Тұрақ бір айдан кейін тест режимі аяқталғаннан соң әрекет ете бастайды. Қазір 5 көлік тұрағында тест режимі бір айға созылады. Және бұл уақытта ақы төлеу қажет емес",- деді Сайра Амантаева.
Көлік тұрағы пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Біз сондай-ақ тұрақтардың мекенін назарларыңызға ұсынамыз.