Ақмола облысында Жеке Батыр тауының төбесінде құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды аймақтың ТЖД.
Өрт туралы бүгін, 19 шілде күні шамамен сағат күндізгі бірде белгілі болды. Көрсетілген тау Щучинск қаласынан 15 шақырым жерде Бурабай ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан (өрт қауіптілігінің 4 сыныбы).
Жану себептері анықталуда.
Зардап шеккендер мен құрбан болғандар
жоқ. ТЖ орнында және өңірлік төтенше
жағдайлар департаментінде жедел штаб
құрылды.
Өртті сөндіруге Көкшетау
қаласынан "Қазавиақұтқару" АҚ
Ми-26 тікұшағы, ТЖД 50 қызметкері мен 5
арнайы машинасы, 50 қызметкер, 2 арнайы
көлік және Ми-2 тікұшағы қатысуда.