Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Адылбек Алдабергенов «Бекет ата» оқу полигонында жарылған гранатадан жарақат алған сарбаздарға қатысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап Elitar.kz.
"Қолдағы бар мәліметтеріміз бойынша, 2019 жылғы 17 шілдеде өткізілетін сабақ кестесіне сәйкес «Бекет-Ата» оқу-жаттығу полигонында жеке құраммен арнайы оқу-жаттығу жүргізілді. Байланысшы, мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер С. Кошелев №3 оқу-жаттығу орнында байланысшыларға жабдықты көрсету үшін оқу-жаттығуға тартылған болатын. Ешқандай жауынгерлік тапсырманы орындауы тиіс емес еді. Сабаққа даярлық жүргізу кезінде С.Кошелев бұйрықсыз ешқандай іс-қимыл жасалмайтынын бірінші күннен әр әскери қызметші білуі тиіс екенін біле тұра, ешқандай бұйрықсыз, басқа оқу нүктесіне қойылған оқ-дәріге жақындап, Ф1 гранатасын өз бетінше қолына алды",-деді Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары.
Адылбек Алдабергеновтің айтуынша, қатардағы жауынгер тұтандырғышын бұрап, гранатаны жарғыш мұрындығын тартып, оның тетігін іске қосқан. Дыбысын естіп, гранатаны қауіпсіз ара қашықтыққа лақтырудың орнына «Тадиран» радиостанциясының астына салып жіберген.
"Кошелевпен бірге қызмет өткеріп жүргендердің сөздері бойынша оған гранатаның жауынгерлік екені ескертілген. Жарылыс нәтижесінде радиостанция маңындағы қатардағы жауынгерлер С.Кошелев пен Б.Жаманбаев жарықшақтардан жараланған. Жақын маңдағы басқа әскери қызметшілер зардап шекпегенмен, оларға да қауіп төнген. Зардап шеккен Кошелев пен Жамнабаевқа барлық қажетті және білікті медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Гранатаның жарылу факті бойынша ҚР ІІМ Әкери-тергеу басқармасымен бірден қылмыстық іс қозғалды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде. ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасының сұрауы бойынша әскери бөліммен келтірілген заллалдың бағасы берілді. Келтірілген залалдың орнын толтыру талаптары бойынша сұрақтар Қорғаныс министрлігінің құзіретіне жатпайды. Шешімді сот қабылдайды",-деді Адылбек Алдабергенов.
Айта кетерлігі, 2019 жылдың 23 шілдесінде әр түрлі деңгейдегі жауапты командирлердің тарапынан қызметтік міндеттерін тиісті емес орындау факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қосымша Қарулы Күштердің Ішкі қызмет жарғысын бұзу фактісі тексерілуде. Осы жағдайдағы әскери қызметшілердің іс-әрекеттерін объективті бағалау аталмыш оқиғаларға бұдан әрі жол бермеу үшін қажет.
Еске салсақ, бұл төтенше оқиға 17 шілде күні орын алды. Маңғыстау облысындағы полигонда өткен оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, № 99116 әскери бөлімнің екі сарбазы зардап шекті. Кошелев қолы мен көзінен айырылды.