Грецияда жақында үш ата-анадан пайда болған ерекше бала дүниеге келді. Салмағы 2,9 келі. Эмбрион бір еркек пен екі әйелдің жыныстық жасушаларынан жасалған,-деп хабарлайды BBC.
ЭКҰ-ның эксперименталды нысаны анадан аналық жасушаны, әкесінің ұрығын және донор әйелдің тағы бір аналық жасушасын пайдаланады. Науқас Грециядан келген 32 жасар әйел болған, ол осыған дейін төрт сәтсіз ЭКО циклын бастан кешкен. Бұл жұмысқа Грекия мен Испания ғалымдары қатысқан. Жүктілік кезінде болашақ анада ешқандай ауытқулар болған жоқ, дені сау бала өз уақтысында туылды.
Бұл Грекиядағы алғашқы және тарихтағы үшінші тәжірибе. Бұрын мұндай балалар Мексика мен Украинада туылған. Сарапшылар бұл әдіс бедеулік мәселесін шешіп, бала туралы армандайтын жұптарды ата-ана бақытына бөлейді деп отыр. Бірақ ғылыми қоғамдастық мұндай экспериментке әлі де оң көзқараспен қарауға дайын емес. Зерттеушілерді бұл процедураның этикалық жағы толғандырады.