Бұл туралы Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтың төрағалығымен облыстық прокуратураның 2019 жылдың І жартыжылдық жұмыстарының қорытындысы бойынша өткен алқа мәжілісінде мәлім болды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Соңғы 6 ай есебінің қорытындысы бойынша прокуратура өкілдерімен Түркістан облысында кадастрлық бағасы 5,3 млрд тенгені құрайтын көлемі 257,6 мың га болатын игерілмей жатқан жерлер (4221 учаске) анықталған.
Қолданылған шаралар негізінде игерілмей жатқан жерлердің 129,2 мың га (50%) қайта игеру жұмыстары басталған, ал құны 2,3 млрд теңгені құрайтын 33 мың га (12%) жерлер мемлекетке қайтарылды.