Некені үйден шықпай-ақ қалай тіркеуге болады?

24 шілде, 17:12

ХҚКО қызметкерлері некеге қалай тіркеуге болатынын айтты. Бұл үшін мекемеге бару қажет емес. Тек қана egov.kz сайтына кіріп, қарапайым қадамдар жасау қажет.

Некені тіркеуге өтініш берушіге:

Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
Өтінімде ерінің/зайыбының ЖСН көрсету және неке тіркелетін ЖАО тіркеу бөлімін таңдау.
Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті).
Болашақ ерінің/зайыбының өтініш беруді растауын алу. Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күтуі мүмкін, одан кейін күшін жояды.
Некені тіркеуді растаушыға:
Авторлану және «Қызметтерді алу тарихы» тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.
Өтінімді толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті).
"Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті).
*Электрондық өтінім беру үшін екі өтініш беруші де некеге алғаш отырған болуы және балалары болмауы қажет. Екінші және одан кейінгі некені тіркеуге өтінішті портал арқылы беру мүмкін емес.
Ерлер мен әйелдер үшін некеге тұру үшін кемінде (ерлі-зайыпты болу жасы) 18 жасұа толу қажет.
Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң тіркеуші орган жүргізеді.
Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.