Алжирдің солтүстік-шығысында әскери ұшақ апатқа ұшырады. Жергілікті БАҚ хабарлағандай, апатқа ресейлік өндірістің Су-30 ұшағы ұшырағаны айтылады. Экипажда екі адам болған, екеуі де қаза тапты. Апаттың себебі әзірге белгісіз.
Алжирдің әскери-әуе күштері құрамында ондаған Су-30МК жойғыш ұшақ бар.