Бейсенбі күнгі мәлімет бойынша Италияда 1 016 адам вирустан ажал құшқан.
Италияның азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли соңғы тәулікте 189 адам қауіпті індетті жұқтырғанын айтты.
ANSA агенттігінің мәліметінше, қазіргі таңда аталған елде коронавирус жұқтырған халық саны 12 839 адамға жетті. 1258 адам емделіп шықты. Коронавирусқа шалдыққандардың көбі Ломбардияда тіркелген. Онда 6 896 тұрғын вирусты жұқтырса, 1758 адам Эмилия-Романьяда тіркелген.
Еске салсақ, Италияда кешеден бастап дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындарының жұмысын тоқтата бастады.