07 мамыр, 00:12
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына «Сардоба» су қоймасының бұзылуы салдарынан тасқыннан келген зақымды қалпына келтіру үшін Өзбекстаннан жұмысшы көзі келді. Жұмысшы топ құрамына 200-ден астам маман мен 100-ге жуық техника жұмылдырылған.
Еске салсақ, күні кеше Өзбекстан президенті Шавкат Мерзиёев өзбек елі «Сардоба» су қоймасының бұзылуынан су басқан Түркістан облысындағы елдімекендерде апат салдарын жоюға қажетті көмек беруге дайын екенін мәлімдеген болатын.