Төлебидегі 7 елдімекенде газ беру тоқтатылды

23 қыркүйек, 15:20

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Төлеби ауданындағы газ құбырларынан шыққан апат туралы ресми хабарлама жасады.

Хабарламада 19 қыркүйек күні сағат 17.45-те Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Жыланбұзған ауылында орналасқан "ПЕРГАМ" көшпелі зертханасының газ құбырларын жоспарлы тексеру барысында жоғары қысымды жер асты газ құбырында газдың сырқа шығуы анықталғаны айтылады. Газ құбырын қайта тексеру кезінде СЭГЗ жылжымалы зертханасымен газ концентрациясы 95% екені анықталыпты.

Газ құбырын ашу кезінде Ду-250 мм жоғары қысымды жерасты полиэтилен газ құбырының дәнекерлеу түйіскен жерінде газдың шығуы анықталды.
Салдарынын 7 елді мекен (Ақбастау, Абай, Ұйымшыл, Текесу, Алғабас Әңгір ата, Сұлтан Рабат), 1736 жеке сектор, 2 тұрғын үй, 2 өнеркәсіп, 28 бірлік коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын мен ТКШ балансындағы құбырагазбен жабдықтау жүйесінен ажыратылды.
"Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мен абоненттерге газды қайта жіберу шаралары қажетті материалдар ұсынылғаннан кейін және газ шаруашылығына келтірілген залалды өтеуден кейін жүргізіледі", - деп хабарлады "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ.