Украинада Қытайдан эвакуацияланған адамдар үшін жаппай тәртіпсіздік орын алды

20 ақпан, 17:17

​​Украина өңірлерінің бірінде жаппай тәртіпсіздік басталды. Тұрғындар өз ауданында Қытайдан көшірілген отандастар мен шетел азаматтарын орналастыруға қарсы шықты.​

Украиндық "24 арна"-ның хабарлауынша, наразылық акциясын Новые Санжар ауылының тұрғындары ұйымдастырған. Осы ауылдың жанында Қытайдан көшірілген украиндар орналасатын шипажай орналасқан.
Әуел бастан әлеуметтік желілерде шипажайдың жанында жиналып, эвакуацияланған азаматтарды алып келу керек болған автобустардың кіруіне тыйым салу туралы хабарламалар пайда болды. 20 ақпан күні таңертең қала тұрғындары өз көліктерімен және жүк көліктерімен шипажайға баратын жолды жауып тастады.
Полиция қызметкерлері наразылыққа шыққандарды қуып,жолды ашуға тырысты. Салдарынан жергілікті тұрғындар мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыс болды. Басылымның мәліметіне қарағанда, эвакуацияланған украиналық ұшақ бүгін таңертең Украинаға ұшып келді. Барлық эвакуацияланған азаматтарды екі апталық карантинге орналастырады деп болжалды.
Бортта тек дені сау азаматтар ғана болған: олар 37 градустан жоғары температуралы адамдарды жіберместен, қонар алдында тексерген. Барлығы 70-тен астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың кейбірі басқа елдердің азаматтары.