Ақтау қаласының тұрғындары 32Б шағын ауданындағы № 55 сайлау учаскесінде кезектің көп болуынан дауыс бере алмағандарын айтты. Сайлаушылардың айтуынша учаскеде сайлау жүргізу дұрыс ұйымдастырылмаған.
Адамдар сайлауға бүкіл отбасымен келген. Солардың бірі Бахтияр өзінің азаматтық таңдауын жасай алмады.
"Дауыс беру мүмкін емес. Біз тіпті бюллетень ала алмадық. Бақылаушы жоқ. Сұрайын десең жөн айтатын ешкім жоқ. Көп адамдар кері қайтып жатыр. Кезектің қашан таусылатыны белгісіз. Біз де шығып кеттік, бірақ екі-үш сағаттан кейін қайта ораламыз деген үміт бар", - деді Бахтияр.