Израиль ғалымдары тірі жүректі 3D-принтерде басып шығарды

16 сәуір, 12:37

Бұл туралы Тель-Авив университетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Израиль ғалымдары алғаш рет 3D-принтерде қан тамырлары мен жасушалары бар адамның жүрегін жасады. Ол кіші өлшемде жасалған, бірақ зерттеушілердің айтуынша, қарапайым өлшемдегі жүректі басып шығару үшін дәл сол технология қолданылуы мүмкін. Басылған орган жүрек-қан тамыр бұлшық етінің діңгекті жасушаларына айналған, содан кейін дәнекер тінімен араласқан және 3D-принтерге салынған пациенттің майлы жасушаларынан тұрады.

"Әлемде алғаш рет Тель-Авив университетінде профессор Таль Двирдің зертханасының ғалымдары заманауи медицинаның басты міндеттерінің бірін шеше алды: 3D-принтерді пайдалана отырып, олар пациенттен алынған адам тіндерінен тұтас, тірі жүректі басып шығарды. Бұл зерттеу пациенттердің ағза мүшелерін күтпей-ақ, немесе ағзаның жаңа мүшеден бас тартуына жол бермейтін дәрі қабылдамай-ақ ауруханаларда әр пациентке толығымен дербестендірілген қажетті органдар басылып шығарылатын болады", - делінген хабарламада.

Израильдің Kan мемлекеттік радиосы нақтылағанындай, жұртқа көрсетілген жүрек - жидек мөлшеріндей.

Израиль ғалымдары жасаған жүрек осы кезеңде қоянға сай келуі мүмкін. Радиостанция мәліметтері бойынша, шамамен бір жылдан кейін 3D-принтерде жасалған жүректер қояндар мен егеуқұйрықтарға салынады, ал 10-даған жылдардан кейін адам ағзасына 3D-принтерде жасалған жүректер салыну тәжірибесі іске асуы мүмкін деген болжам бар.

Фото: Zerkalo.az