Танымал шымкенттік журналиске қаржылай көмек қажет

15 қазан, 14:16

Шымкент қаласы мен Түркістан облысына танымал журналист қаржылай көмекке мұқтаж, деп жазады otyrar.kz.

Динар Мусаева қазір ем қабылдап жатыр. Оған моральдық және физикалық жағынан ғана емес, материалдық жағынан да қиын. Ол химиотерапияның төртінші курсынан өтуде, алда әлі 5 курс бар. Бұл уақытта жұмыс істеуге күш жоқ екені айтпаса да түсінікті.

Коммуналдық қызметтер үшін үлкен қарыздар жинақталып қалған, ал ұлы оқу ақысы төленбегені үшін университеттен шығып кетуі мүмкін. Және журналистің өзіне де химиядан кейін жақсы тамақтану қажет, түрлі витаминдер алуы керек, өйткені ем алу кезінде тамақтану өте қиын.
Бәлкім біздің оқырмандар мен жазылушылар арасында Динарға қаржылай көмек көрсетуге дайын адамдар табылуы мүмкін.

Динар жұмыс істеп жүрген кезінде кімге қандай көмек қажет болса, бірінші болып табылатындардың қатарында жүретін. Оның жасаған репортаждарының арқасында көптеген адамдар өз мәселелерін шешті. Енді ол қолдауды қажет етеді. Шымкенттіктер, оңтүстікқазақстандықтар өте бауырмал адамдар екенін білеміз, сондықтан әріптесіміз Динарға бірігіп қол ұшын бере аламыз деген сенімдеміз.