Танымал КВН-ші Нұрлан Қоянбаев Президенттікке кандидатурасын ұсына ма?

22 сәуір, 14:54

Қазнетте күтпеген ақпарат пайда болды. kay_zz атты аккаунт авторы yvision.kz блог-платформасында қазақстандық КВН-ші, шоумен және продюсер Нұрлан Қоянбаев ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында өз кандидатурасын ұсыну ниеті барын хабарлады.

Осы ақпараттың авторы ҚР ОСК - дағы дереккөзге сілтеме жасап, оған сәйкес "КВН Одағы" республикалық жастар қоғамдық бірлестігі алдағы сайлауда өз кандидатын ұсыну туралы өтініш бергенін жазады. Ақпарат бойынша Қоянбаев командасы тіпті мемлекеттік қызметте бес жылдық еңбек өтілі туралы заңды талапты қалай айналып өтуге болатынын ойлап тапты. Бірақ бұның қалай жасалатыны хабарланбады.

Айта кетейік, Украинада Президент сайлауының екінші турының қорытындысы бойынша Владимир Зеленский көшбасшы атанды. Нұрлан Қоянбаев өз парақшасына қызықты фото жүктеген болатын. Онда ол Украина Президентімен бірге оқырмандарына қарап жымиып тұр. Мүмкін, КВН-шы шоу-бизнестегі әріптесінің жетістігінен шабыттанып, саясатқа кетуді ұйғарған болар?...