Бүгін ауыр сырқаттан Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мұқан Егізбаев қайтыс болды.
Мұқан Кеңесбекұлы 1962 жылы 23 қазанда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын және 2005 жылы Алматы экономикалық университетін бітірген. Ғылыми дәрежесі: Медицина ғылымдарының докторы, академик, клиникалық және іргелі медицина ғылым академиясының мүшесі. 1997 жылдан бастап жоғары санатты маман, 2005 жылы социал-гигиенист дәрігерінің және денсаулық сақтауды ұйымдастырушының жоғары біліктілік санатын алды. 2008 жылдың 30 қыркүйегінен бастап ОҚО ДСБ "Облыстық клиникалық аурухана" МКҚК бас дәрігері болып тағайындалды.
Еңбек жолында Шымкент қаласындағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бөлімшесінің меңгерушісі, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері, Оңтүстік Қазақстан облыстық дерматовенерологиялық диспансерінің бас дәрігері, ОҚО облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері.
2008 жылдың қазан айынан 2017 жылдың 11 қаңтарына дейін ОҚО ДБ "Облыстық клиникалық аурухана" МКҚК бас дәрігері болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасын (қазіргі Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы) басқарды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен (1995ж.), облыстық мәслихаттың грамотасымен, ОҚО және Шымкент қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен, ОҚО денсаулық сақтау департаментінің Құрмет грамотасымен (1999ж.), облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен (2001ж.), "Денсаулық сақтау үздігі" төс белгісімен (2002ж.) және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы" (2005ж.) және "Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығы" (2005ж.) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
2011 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған.
2011 жылы ОҚО Сайрам ауданының "Құрметті азаматы" атағы берілді.