ҰҚК-нің қызметкеріне 2 млн теңге пара берген Қытай елінің екі азаматы ұсталды (видео)

28 қараша, 17:52

ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен Қытай елінің екі азаматын ҰҚК-нің уәкілетті қызметкеріне 2 миллион теңге мөлшерінде пара беру кезінде ұстады. Күдіктілер тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Пара Атырау қаласында еңбек әрекетін заңсыз жүзеге асырған шетелдікке қатысты әкімшілік істі сотта оң қарау үшін арналған. Сонымен қатар, пара беруші ҚХР азаматтарына одан әрі қамқорлық жасау үшін 200 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы ақшалай сыйақы ұсынылған.

Ұсталғандар мойындау түсініктерін берді. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде" делінген баспасөз хабарламасында.