Шымкент прокуратурасында бірқатар ауыс-түйіс орын алды

12 ақпан, 18:48

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12.02.2020 жылғы бұйрығымен Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне Сейдалиев Нұржан Ақыпбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Н.А. Сейдалиев 27.01.1973ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Кеңесшіл селосында дүниеге келген.

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі - 16 жыл.

Соңғы қызмет орны - Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12.02.2020 жылғы бұйрығымен Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры қызметіне Хандиллаев Қантөре Мырзанұлы тағайындалды.

Қ.М. Хандиллаев 03.02.1978ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі - 20 жыл.

Соңғы қызмет орны - Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12.02.2020 жылғы бұйрығымен Шымкент қаласы Еңбекші ауданының прокуроры қызметіне Мықтыбек Талғат тағайындалды.

Т.Мықтыбек 13.04.1975ж. Шымкент облысы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі - 20 жыл.

Соңғы қызмет орны - Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12.02.2020 жылғы бұйрығымен Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры қызметіне Айтишев Досымхан Әскербекұлы тағайындалды.

Д.Ә.Айтишев 24.09.1974ж. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі - 12 жыл.

Соңғы қызмет орны - Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокурорының орынбасары.