Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында балықтар қырылып жатыр. Аудан әкімдігі қызметкерлерінің айтуынша, балықтарға судағы қолайсыз жағдай кері әсер еткен. Куәгерлер онда бекіре тұқымдас балықтардың шабақтары қырылып жатқандығын видеоға түсіріп алған.
Казталов ауданының әкімдігі
хабарлағандай, Қарасу тоғаны балық
өсіру үшін емес, техникалық суды сақтауға
арналған. Оның тереңдігі 2 метрден
аспайды.
Бұл факт орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі инспекциясында
тіркелген, оқиға орнына балық
инспекторлары мен
полиция қызметкерлері келді.