Уханьдағы Қазақстан студенттері елге оралса, оларды не күтеді?

28 қаңтар, 15:13

Егер студенттерді елге алып келу бойынша шешім қабылданатын болса, онда медицина мамандары егжей-тегжейлі тексеру жүргізіп, олардың қан анализдері алынады. Олар үнемі дәрігерлер бақылауында болады.

Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сархат Бейсеновтің, Қазақстанға келген азаматтар медициналық тексеруден өтіп, бақылауға алынады. 14 күн ішінде оларда дерттің қандай да бір белгілері байқалса,ауруханаға жатқызылады. Егер студенттерді оқшаулау арқылы бақылау туралы шешім қабылданса, онда олар стационарға оқшауланады.